Жаңалықтар

Тараздық дәрігерлер тігін инелерін жұтып қойған баланы құтқарды

Бұл туралы ДСМ мәлім етті
Тараздық дәрігерлер тігін инелерін жұтып қойған баланы құтқарды
Фото: gov.kz 24.01.2023 14:45 926

Тыныс алу жүйесі мен асқазан-ішек жолдарының ағзаларына бөгде заттардың енуі балалар мен ересектердің арасында жиі кездеседі. Көбінесе мұндай жағдайлар шұғыл әрекет етуді және білікті медициналық көмекті қажет етеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында қолданылатын прогрессивті эндоскопиялық техника зардап шегуші үшін барынша жайлылықпен және оның денсаулығына қажетсіз қауіп-қатерсіз бөгде денелерді алып тастауға мүмкіндік береді.

Балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне 3 жастағы баланың анасы киімдегі «молния» ілгегінің жүгіртпесін жұтып қойғаны туралы шағымданды. Кішкентай пациентті бас дәрігердің орынбасарлары Шыныбеков Сейдахмет Байдуллаұлы және Кенжалы Мәулім Қазиұлы емдеді. Асқазан-ішек жолдарындағы бөгде заттарды диагностикалау кезінде мұқият жиналған анамнезбен қатар динамикалық рентгенологиялық зерттеу үлкен маңызға ие.

Сонымен, іш қуысының шолу рентгенограммасында жүгіртпе мен асқазанның проекциясында екі тігін инесі табылды. ЭФГДС емшарасын жүргізу кезінде асқазаннан бір ине алынып тасталды, жүгіртпе болмады.

Пациент мамандардың бақылауымен БА хирургиялық бөлімшесінде қалдырылды. Нәтижесінде жүгіртпе өздігінен нәжісімен шықты. Ал екінші ине шықпады.

 «Іш қуысының бақылау R-граммасында іштің жоғарғы жағында тағы 2 ине және жамбас проекциясында 1 ине тұрды. Қайтадан ЭФГДС жасалып, асқазаннан ине алынып тасталды. Содан кейін колоноскопияның көмегімен сигма тәрізді ішекке қадалған ине алынып тасталады»,-деді жоғары санатты хирург-дәрігер Сейдахмет Байдуллаұлы.

Бала бақылауда болды. Іштің бақылау R–граммасында жамбас проекциясында төртінші ине табылды. Колоноскопия жасалып, ұшы ішектің шырышты қабығына қадалған сигма тәрізді ішектен соңғы ине алынып тасталды. Қазіргі уақытта қанағаттанарлық жағдайдағы бала үйге шығарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға