Жаңалықтар

Таразда жастар форумы жазғы демалыс лагері форматында өтті

Таразда жастар форумы жазғы демалыс лагері форматында өтті
23.08.2018 03:00 1845

 

Таразда "Қазақстан халқы Ассамблеясы  жастары - 2018" атты аймақтық форум өтті.

Облыстық форумды "Қоғамдық келісім" КММ басшысының орынбасары Дәурен Тайлеев құттықтау сөзімен ашты.

Үш күнге созылған жазғы лагерьге 23 этномәдени бірлестіктердің белсенді жастары қатысты. Форум қатысушыларына ойын-сауық бағдарламалар, тәрбиелік маңызы бар қысқа метражды фильмдер көрсетіліп, семинар-тренингтер ұйымдастырылды.

Форум барысында белсенділер қоғамдық сананы жаңғырту, бірлік пен бірегейлікті нығайту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру тетіктері сынды бірқатар мәселелер талқыға салынды. Сонымен қатар, жаңа міндеттерді түсіндіру, жаһандық және өңірлік сын-тегеуіріндер мен қатерлер жағдайындағы қазіргі кезеңдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдылықтарын анықтау жөнінде де өзара пікір алмасты.

Форумда  белсенділік таныта білген бір жастар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Форумның өткізудегі басты мақсат - қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру технологиялары бойынша жастардың кәсіби білімі мен білік-дағдыларының деңгейін арттыру; еліміздегі әрбір ұлт пен ұлыстың мәдениеті мен өркениетін келешек ұрпақтарына жеткізіп, татулық пен тұрақтылықты қалыптастыру, бірлік пен біртұтастықты насихаттау болып табылады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға