Жаңалықтар

Таразда сәби сатқан ақ халаттылар сотталды

Таразда сәби сатқан ақ халаттылар сотталды
Фото: Pixabay.com 27.10.2023 11:16 867

Таразда сәби сатқан ақ халаттылар сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тараздың көпсалалы ауруханасындағы екі акушер алдын ала сөз байласып, сәбиді саудалады деп айыпталды. Тергеу барысында, былтыр қараша айында 35 жастағы әйел жүктілігінің жетінші айында түсік жасатқысы келген. Бірақ, ақ дәрігер оны тоқтатқан. Кейін, әйел сәбидің дүниеге әкеліп, бірақ, бірден медициналық мекеме қызметкеріне баланы алып кетуді сұрайды.

Әйелдің жағдайын отбасынан жасырғанын түсінген Б., баланы сатуға көмек сұрап Ю. есімді әріптесіне жүгінеді. Өздерінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін акушерлер алдын ала сөз байласып, жәбірленушіге сәбиді 1,5 миллион теңгеге сатпақ болған.

Алайда бұл іске құқық қорғау органдары араласқан. Мәліметтерге сүйенсек, прокуратура мен полиция сәбиді сатып алу-сату туралы қыздың құжаттарын өзгерту әрекеті кезінде білген. Сатып алушы баланы заңды түрде өз фамилиясына тіркегісі келген. Бұл ретте барлық төлем сомасының бір миллионы биологиялық анаға берілуі керек болса, 500 мың теңгесі құжат рәсімдеуге жұмсалады деген. Сәбиді сатып алушы, он жыл бойы бала көтере алмаған.

«ҚК-нің 135-б. 2-б.-нің санкциясы 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде бір сотталушының жас балаларының болуы танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сондай-ақ ҚК-нің 55-б. 2-б.-ның жазалау шегін шектейтін талаптарын ескере отырып, сотталушылар 8 жылға бас бостандығынан айырылды», – деді Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға