Жаңалықтар

Таразда қоқыс жәшігінің жанынан шала туған нәрестенің мәйіті табылды

Таразда қоқыс жәшігінің жанынан шала туған нәрестенің мәйіті табылды
Фото: pixabay.com 29.12.2022 16:44 779

Таразда қоқыс жәшігінің жанынан шала туған нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«29 желтоқсан күні сағат 11:30-да Тараз қаласының полициясына Байзақ батыр көшесіндегі қоқыс жәшігінің жанынан пластикалық шелектен шала туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы барды. Сәбидің денесі Жамбыл облысының мәйітханасына жеткізілді» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оның анасы кім екені анықталу үстінде.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға