Жаңалықтар

Таразда мемлекеттік тілді үйренуге арналған диалог алаңы ұйымдастырылды

Таразда мемлекеттік тілді үйренуге арналған диалог алаңы ұйымдастырылды
04.04.2019 02:56 4110

Тараздағы  Достық үйінде  Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасына қарасты Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Мәміле» клубының отырыстары өтті.

Айта кетерлік жайт, бұл клуб мемлекеттік тілді үйренгісі келетін еріктілер мен оларға көмектескісі келетін тіл білгірлеріне арналған диалог алаңы болып табылады.

Аталмыш отырыстың басты мақсаты – қазақ халқының тарихи және мәдени мұралары, салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарынан хабардар ету арқылы мемлекеттік тілді оқыту.

Отырыста сөз алған «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығының төрайымы Айгүл Қабиева, «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнуддин Махусеев, М. Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухаббат Тұрдиева мен «Асу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мәскеу Ноқрабеков өзге ұлт өкілдерінің жастарына өз ақыл-кеңестерін айтып, ой-пікірлерімен бөлісті.

Сондай-ақ, «Қыз Жібек» фильмінен үзінділер көрсетіліп, қатысушылар аталмыш туындыда бейнеленген қазақтың салт-дәстүрлері мен ырымдары туралы өз ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар, олар қазақ халқына тән туыстық қатынастар жайында  әңгіме өрбітті.      

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға