Жаңалықтар

Таразда кәріз-тазарту құрылысы қолға алынады

Таразда кәріз-тазарту құрылысы қолға алынады
Фото: www.gov.kz 06.08.2023 01:18 186

Аталған мәселені Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласының кәріз-тазарту құрылыстарын салу мәселелері бойынша кеңесте талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Басқосуға «Жамбыл су» МКК, «Метаг Холдинг» АҚ өкілдері мен бейнеконференция - байланыс режимінде Еуропалық қайта құру және даму банкі, «CEST Consulting» ЖШС, «PricewaterhouseCoopers (PwC)» ЖШС өкілдері қатысты.

«Жамбыл су» МКК ақпараты бойынша, қолданыстағы облыс орталығының сүзу алаңдары 1963 жылы іске қосылған, оған тәулігіне 75-80 мың текше метр қалдық су түсуде.

Жергілікті бюджет есебінен 2022 жылы 217,07 гектар алқапта орналасқан қолданыстағы сүзу алқаптарына тағы 20 гектарды құрайтын 12 карта қосылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға