Жаңалықтар

Таразда ірі көлемде аммофос ұрлаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Таразда ірі көлемде аммофос ұрлаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 29.07.2023 13:19 1387

Жамбыл облысында 80 млн теңгелік аммофос ұрлады деген күдікпен қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Наурыз-шілде айлары аралығында белгісіз адамдар Шайқорық теміржол станциясындағы жылжымалы вагондардан алыс, жақын шетелдерге және Қазақстанның басқа өңірлеріне экспортталатын "Қазфосфат" ЖШС өндірген аммофос тыңайтқышын бірнеше рет ұрлаған. Келтірілген залал 80 миллион теңгеден асып отыр. 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Тараз станциясындағы ЖПБ қызметкерлері "Қазфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қауіпсіздік департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, 22-нен 23 шілдесіне қараған түні Шайқорық станциясында Газель екі автокөлігімеү вагондардан ұрлық жасау барысында облыстың 8 тұрғынынан тұратын қылмыстық топ ұсталды, - деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта. 

Олардан 5 тонна 700 келі аммофос, 2 көлік құралы және шаруашылық заттары тәркіленген. Ұсталғандар кінәсін мойындап,олардың басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға