Жаңалықтар

ТАРАЗДА АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ФОРУМЫНДА ОТБАСЫНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТАРАЗДА АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ФОРУМЫНДА ОТБАСЫНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
13.11.2018 12:01 1843

Тараз қаласындағы Достық үйінде «Болашақ бесіктен басталады» атты Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің облыстық форумы өтті.

Сондай-ақ, ҚХА ассамблеясы кеңесінің мүшесі Фаиза Куненова форумда «Қазақтану» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Аналар кеңесінің атқаратын міндеті мен рөлін туралы толыққанды баяндама жасады. «Біз әйелдер қауымы елімізде болып жатқан саяси мәселелерден тыс қала алмаймыз, өйткені қазақ елінің ертеңі – отбасымыздың, ұрпағымыздың болашағы. Тәрбие ұлттық рухта болу керек. Сонда ғана өз ұлттық құндылықтарымызды бағалайтын қасиетті ұлы мекеніміздің иесін, басқаның жылтырағанына қызықпайтын ұрпақ өсіреміз. Ол көбіне аналарға байланысты екені хақ. Сонау ата-бабамыздан келе жатқан «Қызға қырық үйден тыю» тәрбиесін жаңғыртып, соған көңіл бөлейік. Үйде отырып некесіз бала туу, бала тастау, жасанды түсік жасату сияқты ұлтымызға зор нұқсан келтіретін келелі проблемаларды бақылауға алайық», – деді баяндамашы.

Аналар кеңесінің соңында белсенділерге алғыс хаттар естелік сыйлықтар табыс етілді. Форум өңірлік этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының және қазақ мәдени орталығының әншілері мен бишілерінің қатысуымен өткен концертпен аяқталды.         

Аталмыш форум аясында ауданаралық қолөнер көрмесі ұйымдастырылып өткізілді. Атап айтқанда, әр ауданнан қатысқан қолөнершеберлерінің бұйымдары жұртшылық ереше назарына ие болды.

Оның ішінде қоржындар мен тоқылған бұйымдар, теріден оюмен көмкеріліп жасалған күртешелер мен байпақтар, ұлттық стильде жасалған қазан тұтқыштары мен инеқадағыштар, түрлі мүйіз оюлармен және геометриялық пішіндермен жасалған құрақ көрпелер, газеттен тоқылған гүл шоқтары мен вазалар, шиден тоқылған және кестемен жасалған картиналар, табиғат пейзаждары, Бур техникасымен жасалған жастықшалар, ұлттық киімдер мен киіз үйлер, әшекейлі самаурындар, күмістен жасалған шәйнектер мен кестелі орамалдар, «Рухани жаңғырудың» символы – бүркіт бейнесінде кестеленіп жасалған жастықшалар, түрлі-түсті жіптерден тоқылған аю бейнесіндегі жұмсақ ойыншық, бисерден тігіліп жасалған бал ара, қоян бейнелері, ашық түсті пенопласттан жасалған түнгі шамдар – барлығы көздің жауын алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға