
Тараз-Шымкент бағытында жол апатына себеп болған жүк көлігі шығарылды
07.06.2025 14:18
1407
Фото: Видеодан кадр
2025 жылғы 7 маусым сағат 12:20 жағдай бойынша көлік қозғалысы бір жолақпен кезектесіп жүзеге асырылуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Төрт күнге созылған жұмыстардың нәтижесінде ірі габаритті жүк жол жиегінен шығарылды. Қазіргі уақытта тралды шығару жұмыстары жалғасуда. Бұл шаралар аяқталғаннан кейін жол жабынының жай-күйі бағаланып, көлік қозғалысын толық қалпына келтіру жұмыстары басталады.
Жүргізушілерден сақтық танытып, жолдағы уақытша шектеулерді ескерулерін сұраймыз, - делінген ҚазАвтоЖол ақпаратында.
12 Маусым, 18:09
«Жоғалған бала. Жаураған ана. Үйі суға кеткен халық»: жастарды ерікті болуға не итермелейді
5 Маусым, 15:18
Рәміздер күні қалай аталып өтті?