Жаңалықтар

«Тараз» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

Ел біріншілігінде аталған клуб 27 ұпаймен 10-орында тұр
«Тараз» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті
22.10.2022 14:01 914

«Тараз» футбол командасының бас бапкері Нұркен Мазбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды El.kz.

 
Команданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, клуб пен бас бапкер арасындағы еңбек шарты өзара келісім арқылы тоқтатылған.

Нұркен Мазбаев 1972 жылы дүниеге келген. 1992-2007 жылдар аралығында еліміздің бірқатар клубтарында доп тепті. 2008 жылдан бері қазақстандық клубтарда түрлі қызметтерді атқарды. Жыл басынан бері «Тараз» клубына бас бапкер болды.

Ел біріншілігінде аталған клуб 27 ұпаймен 10-орында тұр.

Енді команданың бас бапкерінің міндетін Нұрмат Мырзабаев атқарады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға