Жаңалықтар

Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Грузиядан экстрадицияланды

Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Грузиядан экстрадицияланды
Фото: Бас прокуратура 15.06.2023 09:40 1488

Экс-шенеунік Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, Грузияның әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн тенгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.

Естеріңізде болса, 2021 жылғы желтоқсанда Қайсар Сарытай қылмыс жасады деген күдікке ілінген соң қылмыстық қудалау органынан бой тасалап, оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған. Көп ұзамай оның Грузияда ұсталғаны анықталды. 

Грузиялық әріптестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Оның кінәсі дәлелденсе, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға