Жаңалықтар

Танзанияда тасбақаның етін жеген тоғыз адам қайтыс болды

Танзанияда тасбақаның етін жеген тоғыз адам қайтыс болды
Фото: ©Pixabay.com 11.03.2024 07:10 1299

Занзибар архипелагындағы Пемба аралында теңіз тасбақасының етін жеген сегіз бала мен бір ересек адам қайтыс болды, тағы 78 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мкоани ауданының медицина қызметкері, дәрігер Хаджи Бакаридің айтуынша, жұма күні кешке әйел адам қайтыс болған, ол бұған дейін көз жұмған балалардың бірінің анасы екен. Ол тасбақаның етін бейсенбі күні жеген.

Associated Press мәліметінше, зертханалық зерттеулердің нәтижелері құрбан болғандардың барлығы тасбақаның етін жегенін көрсеткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға