Танымал режиссер Талғат Теменов ауруханада жатыр
30.06.2024 22:14
873

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
Белгілі театр және кино режиссері, кинодраматург Талғат Теменов ауруханада жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Серік Абас-Шах әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
21 аптадан соң 70 жасқа толғалы отырған Талғат Теменов досым(ыз) сырқаттанып қалыпты (аяғына операция жасатып ауруханада жатыр екен). Төртінші қабатта орналасқан пәленшесінші палатаға кіріп шықтым. Адамзат тарихы туралы бір ғылыми кітапты қызыға оқып жатыр екен. «Мынаны тауып алып оқышы, Секе» деді. Мен бұл кітаптың менде бар екенін айттым. Екеуіміз 59 минуттай әңгімелестік (түрлі тақырыпта), – деп жазды Серік Абас-Шах.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Абай облысында оқушыларға арналған көшпелі кэмпинг өткізілді
Келесі жаңалық
Нұрпейіс Байғаниннің көне домбырасы қайта жаңғыртылуда