Жаңалықтар

Танымал Нұрлан имам жаңа мобильді қосымша ойлап тапты

Танымал Нұрлан имам жаңа мобильді қосымша ойлап тапты
Фото: видеодан кадр 09.11.2023 13:17 1974

Имам Нұрлан Байжігітұлы «Мархабат» бағдарламасына берген сұхбатында жуырда барлық платформа арқылы жүктей алатын «Нұрлан имам» қосымшасының іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол қосымша тегін болады. Ішінде күнделікті өмірден бастап сұрақ-жауапты қамти отыра, тіпті түс, діннің барлық құлшылығы, қазақтың салт-дәстүрі сынды керектің бәрі бар. Қосымша қазір дайын, тестілеу режимінде тұр, - деді имам.

Оқи отырыңыз:

Нұрлан Байжігітұлы қосымшаны жасау үшін біраз қаражат жұмсаған екен.

Бұйыртса, ашылуын жақсы деңгейде өткіземіз. Жуырда халыққа таныстырамыз, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға