Жаңалықтар

Танымал күйші Дубайда домбыра академиясын ашты

Танымал күйші Дубайда домбыра академиясын ашты
Фото: instagram.com/asylbek_yensepov 21.12.2023 09:48 1618

Танымал күйші Асылбек Еңсепов Дубай қаласында домбыра үйренгісі келетіндерге арнап ұлттық академия ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен күйші, домбырашы Асылбек Еңсепов Дубай қаласында тұңғыш ұлттық домбыра академиясы ашылғанын қуанышпен хабарлағым келіп тұр. Домбыра - қазақтың жаны, домбыра - бабамыздың асыл мұрасы, талай қиын-қыстау замандарда қазаққа әрі сүйеніш әрі жетекші бола білген киелі аспап. Біздің домбыра академиямызды ашудың басты себебі осы. Ұлтымыздың музыка өнерін, әдебиетін, тілін, тарихын, философиясы мен психологиясын кең ауқымда насихаттау. Яғни, домбыра аспабын әлемге таныту болып табылады. Ұлттың тарихын ұмытпайық, ұлттық өнерді ұлықтайық, - деді Асылбек Еңсепов.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Assylbek Yensepov® (@asylbek_yensepov)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға