Жаңалықтар

Танымал дәрігер Назарбаевтың бала-шағасы Қазақстанда емделмейтінін айтты

Танымал дәрігер Назарбаевтың бала-шағасы Қазақстанда емделмейтінін айтты
Фото: Әлеуметтік желі 30.01.2024 12:20 1833

Назарбаевтың тұсында денсаулық министрі болып қызмет атқарған Жақсылық Досқалиев бұрынғы экс-президенттің отбасы мүшелерінің медицинаға арласпағанын айтып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында ол бірінші президенттің бала-шағасының отандық емханаларда неге емделмейді деген сұрағына жауап берді.

Біздің Конституцияда айтылғандай әркім өзінің құқығы қаражаты болса, шетелде емделеді, қаражаты болмаса, елде емделеді. Мәжбүрлеп мында келіп емдел деп айта алмаймын. Бірақ Президент басқармасының медициналық орталығы деген бар осында. Ол жерде депутаттар, үкімет мүшелері, солардың отбасы, бүкіл мемлекеттік қызметкерлер емделеді, - деді Досқалиев.

Сонымен қатар, Жақсылық Досқалиевтың бұрынғы президенттің отбасы мүшелері медицина саласына араласпағанын айтты.

Ондайды көрген жоқпын. Осы жерде былай, осы жерде былай дегенін көргенім жоқ. Бірақ айта кететін нәрсе. Алматыда Қазақ-Ресей медициналық университеті бар. Соған жылжымалы диагностикалық кешенді Дариға Назарбаева өзінің қаражатына сатып алып берді, - деді бұрынғы министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға