Жаңалықтар

Танымал блогер айына 10 миллион табатынын айтты

Танымал блогер айына 10 миллион табатынын айтты
Фото: instagram.com/super.mamasita 19.12.2023 13:49 1228

Әлеуметтік желіде «Супер Мамасита» атымен танылған блогер Әлия Байтуғаева айлық шығыны туралы «Жұлдызды шаңырақ» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үйге керек-жарақ алып, балаларды бағуға және қалағанымызды алу үшін айына орта есеппен 10 миллион теңге ақша керек. Бұрын «Әлия, өл-тіріл, айына мынанша табуың керек» деп талап қоятынмын, соған жету үшін әрекет жасайтынмын. Қазір ондай жоғары талап жоқ, жинап қойғаным бар. Айына қанша теңге бұйырады, сол ризық келіп жатыр. Бастысы жұмысымды рахаттанып істеймін, ал рахаттанып істеген жұмысың міндетті түрде жақсы табыс әкеледі, - деді ол.

Айта кетейік, танымал блогер Мөлдір Анарбаева мәһірге күйеуінен қымбат пәтер мен көлік сұрайтындарды сынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға