Жаңалықтар

Танымал блогер 400 млн теңге тұратын үйін көрсетті

Танымал блогер 400 млн теңге тұратын үйін көрсетті
Фото: instagram.com/kenjebekovaa 14.12.2023 15:30 1134

Белгілі блогер, актриса Анель Кенжебекова «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасында өзінің қымбат тұратын баспанасын көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Анель Кенжебекова үйді өзінің сатып алмағанын айтады. 

Үйді мен алған жоқпын, оны ата-анам алды. Көбі қайда тұратынымды біледі, стористардан көріп жатады. Бұндай үйлер аз ғой, Алматыда енді салынып жатыр, - дейді блогер қыз.

Актрисаның сөзінше, баспананың құны 400 миллион теңгені құрайды екен.

Осы үйде тұрып жатқанымызға 3 жыл болды. Мұнда көшіп келген кезде мен енді ғана блогерлікті бастаған едім. Бұл үйге ақша құйдым деп айта алмаймын. Ол – таза ата-анамның еңбегі, - деді ол.

Айта кетейік, бүгінде Анель Кенжебекова әлеуметтік желіде бір миллионнан астам оқырманы бар танымал блогерлердің бірі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға