Жаңалықтар

Танымал актер енді еліміздегі футбол клубын басқарады

Танымал актер енді еліміздегі футбол клубын басқарады
Фото: instagram.com/fc_elimai 03.11.2023 17:13 963

"Елімай" футбол клубында ауыс-түйіс болды. Клубтың даму жөніндегі жаңа директоры болып танымал актер Рүстем Омаров тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Біздің амбассадор - Рүстем Омаров (оны таныстыруды қажет етпейтініне сенімдіміз!) - біздің даму жөніндегі жаңа директорымыз болып тағайындалды! Рүстем кезінде футболмен кәсіби түрде айналысқан, сондықтан ол әрбір ерекшеліктерді түсінеді және де біздің клубымызды медиаконтент бойынша ең креативті және жоғары деңгейлі клубқа айналдыру үшін барын салады. Күте тұр, КПЛ, біз осындамыз! Қош келдіңіз, Рүстем!, - деп хабарлады клуб Instagram парақшасында. 

Еске сала кетейік, Рүстем Омаров «Сәке», «Патруль» сияқты танымал сериалдарда басты рөлде ойнаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға