Жаңалықтар

Танымал актер басшылықта отырған өнер адамдарын сынға алды

Танымал актер басшылықта отырған өнер адамдарын сынға алды
Фото: Болат Әбділмановтың жеке архивінен 29.04.2024 14:00 2264

Танымал актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов актер адам басшылыққа бармау керектігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Актер «Базар like-қа» берген сұхбатында өнер адамының қызметте жүруіне қарсы екен жеткізді.

Сабира Майқанова рөлді сахнаға алып шықпас бұрын, бір жеті қонаққа бармайтын, қонақ шақырмайтын, телефонның бәрін өшіріп тастап, сомдайтын рөлін бойына сіңіретін. Әйтпесе кешке дейін той басқарып келіп, қалай Гамлетті, қалай Абайды ойнайсың?  Шаруа мен өнерді біріктірсең өнер болмайды. Ол – жылтыр дүние. Рөліңді сомдап, қайтадан директор болып отыра бересің бе сонда? Бұл – күшіңнің бәрі сол қызметке кетеді деген сөз, - деді ол.

Болат Әбділманов актер барлық энергияны өнерге салғаны дұрыс деп есептейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға