«Таңғажайып оқиға»: 14 қабаттан құлаған қыз аман қалды

 pexels.com
Фото: pexels.com

Баку қаласының Нариманов ауданында 17 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйдің 14-қабатынан құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы Oxu.Az жазды.

Құлаған қыздың есімі — Зүлейха М. (туған жылы – 2008). Оқиғаға байланысты Нариманов аудандық прокуратурасы жедел тергеу жұмыстарын бастап кетті.

З.А. клиникалық медициналық орталыққа жеткізілді. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Тергеу әлі жалғасуда. Оқиғаның нақты себептері туралы нақты ақпарат таратылған жоқ.

Оқи отырыңыз