Жаңалықтар

«TANECO Кубогы»: «Барыс» 3 ойында да ұтылды

«TANECO Кубогы»: «Барыс» 3 ойында да ұтылды
Фото: hcbarys.kz 14.08.2023 05:33 973

Қазанда өткен «TANECO Кубогында» астпналық «Барыс» айдын иелері «Ак Барспен» кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Андрей Скабелка мына құрамға иек артты: Паскуале (Шутов) — Скленичка-Грант, Бракко-ЛаБейт-Оберг; Гайтамиров-Ножье, Муратов-Шестаков-Барбер; Нургалиев-Данияр, Савицкий-Борисевич-Шайхмедденов; Полохов-Шалапов, Әсетов-Өмірбеков-Рахманов; Қайыржан.  

Алғашқы таймда-ақ Эдди Паскулае қорғаған қақпаға екі гол соғылды. Екінші кезеңде айдын иелері есеп айырмасын ұлғайтты - 3:0. Ал есеп 4:0-ке жеткенде астаналықтар сапынан Аркадий Шестаков екі шайба соққанымен, қазандықтар тағы мергендік танытты — 5:2.  

Осылайша, «Барыс» турнирде топтағы барлық ойында жеңіліс тапты. 

Бұған дейін елордалықтар «Локомотив» пен «Тракторға» бірдей есеппен жол берген 1:2. 

«Ак Барс» (Қазан, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 5:2 (2:0, 1:0, 2:2)

Шайбалар:
1:0 — 13:06 Галиев (Петров).


2:0 — 18:32 Войнов (Галиев, Шипачёв).


3:0 — 28:42 Лукоянов (Дыняк).


4:0 — 41:03 Семёнов (Петров, Лямкин).


4:1 — 41:57 Шестаков (Скленичка). 


4:2 — 42:56 Шестаков (Барбер, Муратов).


5:2 — 43:35 Шипачёв (Кагарлицкий, Евсеев). 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға