Жаңалықтар

Тамыз айында 15 мыңнан астам талапкер ҰБТ тапсырды

Тамыз айында 15 мыңнан астам талапкер ҰБТ тапсырды
Фото: © El.kz 17.08.2023 00:30 442

15 мыңнан астам талапкер тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде түлектердің 65,27% қазақ тілінде, 34,44% - ы орыс тілінде, 0,29%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Тамыздағы ҰБТ сертификатымен талапкерлер жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсе алады. Тестілеу қорытындысы бойынша 8 мың талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының шамамен 56%-ын құрайды. ҰБТ орташа балы 55 балды құрады. Ең жоғары балл – 125 балл. 

Айта кетейік, негізгі ҰБТ-ны тапсырған талапкерлерде бейіндік пәндер комбинациясын өзгертіп, тамыздағы тестілеуге қатысу мүмкіндігі болды. ҰБТ өткізу барысында 45 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. 

Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 29 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға