Жаңалықтар

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары болды

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары болды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 08.06.2023 10:20 765

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары лауазымына Тамара Дүйсенова тағайындалды. Мәжіліс оның кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, - делінген мәліметте.

Ал бұған дейін осы қызметті атқарып келген Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының жарлығымен лауазымнан босатылған еді. Көлгінов вице-премьер қызметін 2022 жылғы желтоқсаннан бастап атқарып келді. Оған дейін Астана қаласының және Батыс Қазақстан облысының әкімі болды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға