Жаңалықтар

Тамара Дүйсенова әлеуметтік мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады

Тамара Дүйсенова әлеуметтік мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады
Фото: primeminister.kz 09.09.2023 15:27 662

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова 2023 жылғы 7 қыркүйекте «AMANAT» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Азаматтар көтерген негізгі сұрақтар: балаларды шетелде емдету, мүгедектікті белгілеу, зейнетақы төлемдері, жұмыспен қамту, көп балалы отбасыларға қолдау көрсету, еңбек құқықтарын жүзеге асыру.

Вице-премьер барлық өтініш бойынша заң нормаларын түсіндіріп өтті. Қосымша қарастыруды талап ететін сұрақтарды жеке бақылауына алды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес және өз құзыреті аясында мемлекеттік органдар өкілдеріне көмек көрсету тапсырылды. 

Айта кету керек, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік қолдауды проактивті форматта көрсету бойынша Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) іске қосылды. ОЦК мемлекеттік органдардың деректер қоры жинақталған «Smart Data Ukimet» талдау жүйесімен байланыстырылған. Оның ішінде табыс деңгейі, жылжитын және жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, отбасы құрамы, несиенің бар-жоғы және т.б. ақпарат бар. 

Отбасының цифрлық картасының көмегімен жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрі бойынша қызмет алуға болады: еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем; жұмыстан айырылған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға (қамқоршыға) жәрдемақы, мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақы, көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем.

Сондай-ақ ОЦК арқылы азаматтарға зейнетақы төлемдерін алу бойынша автоматты түрде хабарлама жолданады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға