Жаңалықтар

Тамара Асар ерекше марапатын сынаушыларға жауап берді

Тамара Асар ерекше марапатын сынаушыларға жауап берді
Фото: instagram.com/tamara_assar_official 11.01.2024 10:43 3938

«Хиуаз Доспанова» атындағы медаль алған белгілі әнші Тамара Асар сынның астында қалған еді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі осыған қатысты сынға жауап берді.

Ештеңе оқыған жоқпын өтірік айта алмаймын. Әркім әр түрлі пікір айта береді. Маған берді ме, беруі керек болған шығар. Ешкімге ешқандай уәж айтпаймын. Халық өзі береді, халық өзі алады. Бұл – халықтың ішінен шыққан марапат,  – деп жауап берді әнші. 

Ол халыққа қарсы ештеңе айта алмайтынын да жеткізді.

Халық не айтса да, дұрыс. Бұл – мемлекеттік награда емес. Кімнің шамына тиіп жатқанын түсінбеймін?! Басын иіп, кеудеме төсбелгіні түйреген қарттың өзі сексеннен асқан адам екен. Сондықтан әкемдей адамға «Кешіріңіздер, мен бұған лайық емеспін» деп бетін қайтара алмаймын ғой, – деді ол.

Еске салай кетейік, әнші жақында «Халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер ұшқыш Хыйуаз Доспанова» атындағы медальмен марапатталған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға