Жаңалықтар

«Талмам ұстап, төрт рет жол апатына түстім». Медеу Арынбаев асқынған дерті туралы айтты

«Талмам ұстап, төрт рет жол апатына түстім». Медеу Арынбаев асқынған дерті туралы айтты
Фото: instagram.com/medeu_arynbaev 04.12.2023 15:53 1787

Қазақстандық танымал әнші Медеу Арынбаев 2000 жылдан бастап талма ауруына тап болғанын айтты,  деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі. Өнер иесі көлік жүргізіп келе жатқанда талмасы ұстап, төрт рет жол апатына түскені туралы "Динамен дұрыс" бағдарламасында айтып берді.

Күрделі он сағаттық отадан соң, дертінен айығыпты.

2000 жылдан бастап ес жоғалту, тіресіп қалу басталды. 1993 жылдары жаспыз, мейрамханадан шығып жатқанда үш жігіт тепкіге алған еді. Сол жеті жылдан кейін сыр берді ма екен деймін. Сол соққыдан немесе тума пайда болған нәрсе ма белгісіз. Бастапқыда жылына екі рет болатын. Содан келе ушығып, екі-үш айда бір рет бола бастады. Саханда ұстап қалды, сіресіп қалдым. Төрт рет қала ішінде көлік жүргізіп келе жатқанда болды. Бір рет маңызды шарада маңызды сәтте сіресіп қалып, сахнадан алып кетті. Сол кезде қара тізімге түсіп қалдым ба деп қорықтым. Отадан кейін шүкір жағдайым жақсы. Міне төрт жарым жылдай менде қайталану жоқ. Жағдайым тұрақты, концерт бойы ән айта аламын, - деді әнші.

Бұған дейін әнші марқұм әйелінің алдында кінәлі сезініп, өзін кешірмейтіні туралы айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға