Жаңалықтар

«Талибан» қозғалысының өкілдері Қазақстанға не үшін келеді

«Талибан» қозғалысының өкілдері Қазақстанға не үшін келеді
Фото: ria.ru 29.02.2024 13:36 533

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко жазда Астанада өтетін халықаралық форумға талибтердің шақырылғаны жөнінде ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Сенат кулуарында Василенко «Талибан» қозғалысының өкілдері Астананың екінші халықаралық форумына шақырылғанын нақтылады.

Алдағы 13-14 маусымда Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өңірдің басты халықаралық конференциясы – Астана Халықаралық форумы (AIF) өтеді. Оған «Талибан» сауда министрлігінің басшысы Нұреддин Азизи де шақырылып отыр. Ол кісі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясында емес, - деді ол.

Сыртқы істер министрінің орынбасары бұған дейін Нұреддин Азизи Астанаға 2023 жылы сауда мәселелері бойынша екіжақты келіссөздерге келгендігін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға