Талғат Орынбасар дзюдодан әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды

 IJF
Фото: IJF

Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

60 келі салмақта белдескен спортшы қола жүлдені жеңіп алды. Үшінші орынға таласта Орынбасар әзербайжандық Низами Имрановтан басым түскен. 

Айта кетелік, бұл аталған чемпионаттағы Қазақстан командасының алғашқы жүлдесі.

Оқи отырыңыз