Жаңалықтар

Талғат Нәрікбаев университет ұжымын судан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге шақырды

Талғат Нәрікбаев университет ұжымын судан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге шақырды
Фото: Астана қаласының мәслихаты 07.04.2024 12:18 334

Maqsut Narikbayev University басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев Мемлекет басшысының су тасқыны салдарына қатысты үндеуі туралы пікір білдіріп, қиындыққа тап болған азаматтарды ел болып қолдауға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ол университет атынан көмек қолын созуға дайын екенін атап өтті және барлық университетті апаттан зардап шеккендерді қолдауға үндеп отыр. 

Мемлекет басшысының су тасқыны салдарына қатысты үндеуін тыңдап шықтым. Ашығын айту керек, қазіргі таңда қиын жағдайда қалған халқымызға жылы сөз өте маңызды. Президенттің тапсырмасымен халыққа көмектесу үшін үкімет мемлекеттік материалдық резервті пайдаланатын болды. Сондай-ақ шығындарды өтеуді толығымен үкімет жауапкершілікке алады. Апаттық жағдайда еліміздің бірлікте болуы, ал қиындыққа тап болған азаматтарды ел болып қолдауымыз керек. Біз де өз тарапымыздан университетіміздің атынан көмек қолын созуға дайын екенімізді білдіргім келеді. Арнайы қорларға қаражат аударамыз деп шешім қабылдадық. Барша университеттерді осындай апатты жағдайда қолдауға шақырамын, - деді Талғат Нәрікбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға