Жаңалықтар

Талғар бөгетінде сел қаупіне байланысты 150 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Талғар бөгетінде сел қаупіне байланысты 150 адам қауіпсіз жерге шығарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 23.07.2023 17:59 547
Алматы облысындағы Талғар бөгетінде топырақ үйіндісін су шайып, сел қаупіне байланысты 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
"Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Талғар бөгетінің бөрене ұстағыш құрылғысында бөгетті су шайып кеткен көрінеді.
2023 жылдың 22 шілдесінде сағат 00:30-дағы сел тасқынының кері әсері салдарынан Талғар бөгетінің бөрене ұстағыш құрылғысында топырақ бөгетінің оң жағын су шайып кетті. Ұзындығы 5,5 метр, ені 3 метр, тереңдігі 1,2 метр, көлемі шамамен 20 текше метрлік шұңқыр пайда болды, - деп хабарлады мекеме өкілдері. 
Қазіргі уақытта пайда болған шұңқырды қалпына келтіру жұмыстарына "Қазселденқорғау" филиалы бекітілген. Талғар өзенінің қауіпті учаскелеріне бақылау бекеттері орнатылып, сел қаупі бар аймақтан 150-ге жуық адам эвакуацияланғаны айтылды. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға