Жаңалықтар

Талдықорғандық 18 жастағы жігіт әкесін өлтірген

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Талдықорғандық 18 жастағы жігіт әкесін өлтірген
Фото: polisia.kz 07.02.2023 14:42 786

6 ақпан күні Көктал шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 50 жастағы ер адамның денесі табылған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Белгілі болғандай, әкесімен сөзге келіп қалған ұлы ас үй табасымен әкесін ұрып өлтірген.

ҚР ҚК-нің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркелді.

Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес күдікті ұсталды және УҰИ-на қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға