Жаңалықтар

Талдықорғанда телефон алаяқтары екі зейнеткерден 4,5 млн теңге алған

Талдықорғанда телефон алаяқтары екі зейнеткерден 4,5 млн теңге алған
Фото: © Polisia.kz 30.06.2023 05:26 860

Алаяқтар зейнет жасындағы екі әйелге хабарласып, олардың қыздары көлікпен адам қағып кеткенін айтқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, екі жағдайда да алаяқтар өздерін тәртіп сақшысымыз деп таныстырған.

Олар бір сценарий бойынша жұмыс істейді: қызыңыз адамды қағып кетті, ауыр халде ауруханаға жатқызылған адамға, сондай-ақ көлік апаты фактісі бойынша қиындықтарды “шешуге” шамамен 5 млн теңге қажет деп қоңырау шалады, - делінген мәліметте.

Жәбірленушілердің бірі алаяқтарға 3,5 млн теңге берсе, екіншісі 1 млн теңгеден айырылған.

Полиция бейтаныс адамдармен, әсіресе телефон арқылы сөйлескенде қырағы және абай болуға шақырады. Полицейлер алаяқтардың әрекеті туралы білген жағдайда, дереу хабарлауыңызды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға