Жаңалықтар

Талдықорғанда ретро концертте интернет-алаяқтық туралы тұрғындарға үндеу жасалды

Талдықорғанда ретро концертте интернет-алаяқтық туралы тұрғындарға үндеу жасалды
Фото: Polisia.kz 22.09.2023 19:07 457

Талдықорғанда ретро концертте интернет-алаяқтық туралы тұрғындарға үндеу жасалды, – деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Талдықорған полицейлері азаматтарды интернет-алаяқтардан қорғау үшін барлық тәсілдерді қолдануда.

Полиция “Жастар” саябағында ұйымдастырылған ретро-концертте алаяқтық мәселесі туралы кезекті рет ескертті. Тәртіп сақшылары қазіргі таңда түрлі бағдарламаларды қолданып, қашықтан алдау әдістері, алаяқтардан қалай өзіңізді қорғау керек екендігі туралы айтып өтті. 

Сонымен бірге жеке деректерді, банк картасының нөмірлерін, парольді және тағы басқа ақпаратты бермеу керектігі туралы айтылды. Концерт соңында барлық қатысушылар мен қонақтарға тақырыптық брошюралар таратылды.

Тәжірибе көрсеткендей, кез келген алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін. Алайда ең алдымен, егде жастағы адамдар олардың қармағына көп ілініп жатады. Ретро стилінде ұйымдастырылған концерттік бағдарлама көрермендердің жас санатына бағытталғандығын ескере отырып, біз оны қолдануға тырыстық және тиісті ескерту жасадық, – деді Талдықорған қаласы ПБ ЖПБ бастығы Жеңіс Мәлікбазаров.

Алаяқтық фактілерін тергеу кезінде құқық қорғау органдары Қазақстаннан тыс жерлерге ақша аудару, қылмыскерлердің бір реттік абоненттік нөмірлер мен телефондарды пайдалануы сияқты проблемаларға кезігеді, салдарынан бұл санаттағы қылмыстарды ашуға елеулі күш-жігер талап етілетіндігін қалалық полицияда атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға