Жаңалықтар

Талдықорғанда Q-net қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен бір адам ұсталды

Талдықорғанда Q-net қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен бір адам ұсталды
Фото: © Pixabay.com 26.05.2023 12:03 959

Талдықорғанда Q-net қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Белгілі болғандай, аталған қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр. 

2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 салымшы тартылып, жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам жеке қаражат салынғаны анықталды. Сот күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, - делінген мәліметте.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР КПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға