Жаңалықтар

Талдықорғанда есірткі сатумен айналысқан әйел ұсталды

Талдықорғанда есірткі сатумен айналысқан әйел ұсталды
Фото: pixabay.com 16.02.2023 18:52 659

Талдықорғанда есірткі сатумен айналысқан әйел ұсталды, – деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктіні есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері ұстады. 6 грамға жуық гашиш есірткісін сатқан әйел қылмыс орнында ұсталды.

Ол тұрғылықты жерінде рұқсат етілген тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 117,66 грамды құрайтын пирролидиновалерофенон PVP синтетикалық есірткі заты, сондай-ақ 260 грамнан астам гашиш табылды. Препараттардың құрамы тиісті сараптамамен расталды.

– Есірткі сатумен айналысқан 48 жастағы күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 297-бабы, 2-бөлігі, сондай-ақ 296-бабы 4-бөлігі бойынша жүргізіледі, – деп хабарлады Жетісу облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Мұрат Жұмабаев.

– Құрметті Жетісу өңірінің тұрғындары мен қонақтары! Есірткі бизнесі саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда құқық қорғау органдарына көмек көрсетуге шақырамыз. Егер сіздерде облыс аумағындағы есірткі сатылатын жер туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға мына телефондар арқылы 8-7053459903 немесе 102 хабарлауыңызды сұраймыз, – деді Жетісу облысы бойынша ПД.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға