Жаңалықтар

Талдықорғанда бірнеше ай мектепке бармаған 14 жасар қыз іздеуге алынды

Талдықорғанда бірнеше ай мектепке бармаған 14 жасар қыз іздеуге алынды
Фото: ІІМ-нің баспасөз қызметі 30.12.2023 04:34 1042

Жетісу облысында 14 жасар қызға іздеу жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

28 желтоқсанда Талдықорған қаласының полиция бөліміне бір мектептің басшылығынан бірнеше ай бойы сабаққа қатыспаған 14 жасар оқушының жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түсті.

Кәмелетке толмаған оқушыны іздеумен Талдықорған қалалық полицияның қызметкерлері айналысып жатыр.

«Оның жоғалуының бүкіл мән-жайы анықталып жатыр. Іздестіру шараларына облыстық департаменттің іздестіру бөлімінің жедел уәкілдері мен жақын орналасқан аудандардың полицейлері де тартылған» деп мәлімдеді Талдықорған қалалық полициясынан.

Жоғалған қыздың ата-анасы, туыстары мен жақындарынан жауап алынып жатыр.

Бейнебақылау камералары қаралып, такси аялдамалары тексеріліп жатыр, сондай-ақ жоғалған қызды тез арада табуға бағытталған басқа да іс-шаралар жалғасып жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға