Жаңалықтар

Талдықорғанда Бейсен Құранбекті еске алуға арналған республикалық турнир өтеді

Талдықорғанда Бейсен Құранбекті еске алуға арналған республикалық турнир өтеді
07.12.2023 11:01 738

Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында БАҚ өкілдері арасында футзалдан белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республикалық деңгейдегі жарыс осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылғалы отыр. Турнирге БАҚ өкілдерінен құралған 10 команда қатысады деп күтілуде. Алдын-ала мәлімет бойынша, Астана, Алматы, Қонаев, Шымкент, Түркістан, Талдықорған командалары өтініш берген.

Екі күнге созылатын журналистер арасындағы доп додасы 9-10 желтоқсанға жоспарланған. 9 желтоқсан марқұм Бейсен Құранбектің өмірге келген күні.

Турнирде төрт орынға жүлде беріледі. Сонымен қатар Бейсен Құранбекке өмірде аға болған, ұстаздық қылған белгілі спорт журналисі Сайын Тұрсынов пен телевизия ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы арнайы сыйлық тағайындалады. Жарысқа Жетісу облысының әкімдігі, Жетісу телеарнасы, Жетісу газеті, Respublica партиясы, Janr әдеби клубы қолдау көрсетіп отыр, - дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, былтырғы жылы бұл жарыста «Экспресс-К» чемпионы атанған еді.

Талдықорғанда Бейсен Құранбекті еске алуға арналған республикалық турнир өтеді
© El.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға