Жаңалықтар

Талдықорғанда атыс қаруы бар қойма табылды

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс басталды. Қару сараптамаға жіберілді
Талдықорғанда атыс қаруы бар қойма табылды
Фото: polisia.kz 28.10.2022 11:53 1319

Талдықорғанда атыс қаруы бар қойма табылды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Талдықорғандағы саяжай алқаптарының бірінің шетінде өңірдің полицейлері ҰҚКД жедел уәкілдерімен бірлесіп, ірі қару қоймасын анықтады.

Оқиға орнында Сайга карабині, ИЖ-56 аралас мылтығының кесіндісі, сигналдық револьвер, тапанша, сонымен қатар 100-ден астам түрлі калибрлі патрон, 13 гильз, кісен және кабур тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс басталды. Қару сараптамаға жіберілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға