Жаңалықтар

Талдықорғанда 3 жасар бала жүк көлігінің астында қалып көз жұмды

Талдықорғанда 3 жасар бала жүк көлігінің астында қалып көз жұмды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 03.05.2023 21:31 998

Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, қайғылы жағдай 3 мамырда Көктал шағын ауданында болған. Онда 3 жасар бала ГАЗ-53 жүк көлігінің астына қалып қайтыс болды.

Жүк көлігін 43 жастағы ер адам басқарған. ЖКО-ның мән-жайын қалалық полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға