Жаңалықтар

Талдықорған қалалық полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Талдықорған қалалық полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Фото: ІІМ-нің баспасөз қызметі 02.12.2023 23:23 605

Талдықорған қаласының полиция басқармасын Ернар Шірбаев басқаратын болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы жария болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Жетісу облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ернар Мырзахметұлы Ширбаев «полиция подполковнигі» арнайы атағына ие. Жедел-тергеу бөлімшелерінде жұмыс істеді. Ішкі істер органдарындағы қызметін Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының жедел уәкілі қызметінен бастаған.

2011-2022 жылдары Жетісу облысының Қаратал, Панфилов, Ақсу, Ескелді, Алакөл аудандары мен Алматы облысы Қарасай ауданының ішкі істер бөлімдерінде басшылық құрамда еңбек етті.

2022 жылдың шілде айынан осы уақытқа дейін Ақсу аудандық полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға