Жаңалықтар

Талдықорған мәйітханасындағы жағдай елдің наразылығын туғызды

Талдықорған мәйітханасындағы жағдай елдің наразылығын туғызды
15.08.2023 10:30 705

Талдықорған мәйітханасындағы жағдай елдің наразылығын туғызды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-тің telegram арнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан мәйітхана қызметкерлері қайтыс болған белгісіз адамдарды жерлеуге апара жатқанын байқауға болады.

Бұл не масқара? Сұмдық. Ол қайтыс болса да адам ғой. Қарап тұрсаң, бір картопты көлікке тиеп жатқандай көрінеді. Бұл не деген бассыздық? - дейді желі қолданушылары.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тілші мәйітхананың басшылығына хабарласып көрген. Алайда жұмыс күні болғанына қарамастан жерлеу мекемесінің қызметкерлері байланысу мүмкін болмаған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға