Талдықорған маңында жол апатынан екі адам көз жұмды

 t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Талдықорған-Үштөбе айналма жолында Mitsubishi Pajero автокөлігі КамАЗ жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, Mitsubishi Pajero-ны 32 жастағы ер адам басқарған. Ол жолаушысымен бірге оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ 34 жастағы әйел түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жатқызылды.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Оқи отырыңыз