Жаңалықтар

Талдықорғанда жас суретшілер байқауы өтті

Талдықорғанда жас суретшілер байқауы өтті
18.10.2018 04:23 2389

Алматы облыстық ҚХА жас суретшілер байқауын ұйымдастырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» РЖҚ штабы Талдықорған қаласындағы Достық үйінде «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет»  жобасы аясында «Әлем таныған Қазақстан» атты жас суретшілер байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

Байқауға 16 мен 35 жас аралығындағы үміткерлер қатысып, барлығы  31 жұмыс қаралды. Нәтижесінде Бас жүлдені Сымбат Сарсенбаева, I орынды Мөлдір Қасымбекова мен Батпенова Радина өзара бөлісті.

II орын Ольга Пономарева, Толқын Абдрасилова, Арина Четвертникова, Герман Екатеринаға, III орын Аққуан Бодыбай, Диана Таңатар, Дамир Тәңірбергенов, Нұрсұлтан Мамутовқа, ыңталандыру сыйлығы Наргиз Сақмұрзаеваға табысталды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға