Жаңалықтар

Талдықорғанда ғимаратқа "мина қойған" ер адам ұсталды

Хабардан соң жеке құрам ғимараттан эвакуацияланды.
Талдықорғанда ғимаратқа "мина қойған" ер адам ұсталды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 17.08.2022 08:16 1068

Талдықорған қаласында полиция департаменті ғимараттарының біріне мина қойылды деп қоңырау шалып, жалған хабар таратқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Кешкі сағат 18:30 шамасында Талдықорғандағы облыстық полиция департаменті ғимараттарының біріне мина қойылғаны туралы қоңырау түсті. Хабардан соң жеке құрам ғимараттан эвакуацияланды. Оқиға орнына саперлер, кинологтер мен басқа да мамандар жіберілді. Олар ғимаратты толық тексерді», - делінген хабарламада.

Тексеру барысында ақпарат расталмады.

«Мина туралы қоңырау шалған азамат анықталды. Ол 1978 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам мас күйде болған. Азамат ұсталып, қалалық полицияға жеткізілді», - дейді ведомстводан.

Сондай-ақ ресми ақпаратта аталған факті бойынша тергеудің басталғаны айтылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға