Жаңалықтар

Талдықорғанда I вокалды-хореографиялық байқау өтті

Талдықорғанда I вокалды-хореографиялық байқау өтті
25.07.2019 17:57 2940

Талдықорғандағы Оқушылар сарайында «Бірлігіміз жарасқан» форумы аясында облыстық «Өз елім» I  вокалды-хореографиялық байқау өтті.

Талдықорғанда I вокалды-хореографиялық байқау өтті

Оған  Алматы облысының аудандары мен қалаларынан 26 әнші мен 7 би ансамблі, барлығы 120 үміткер қатысты.

Талдықорғанда I вокалды-хореографиялық байқау өтті

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, байқаудың басты мақсаты Жетісу өңіріндегі жас дарынды әншілер мен бишілердің шығармашылығына қолдау көрсету болып табылады.

Талдықорғанда I вокалды-хореографиялық байқау өтті

2 күнге созылған өнер жарысы бүгін өз мәресіне жетті. Іріктеу кезеңі 24 шілдеде Достық үйінде өтті. Бұл вокал мен хореографияны біріктіріп ұйымдастырылып отырған  алғашқы байқау.

Талдықорғанда I вокалды-хореографиялық байқау өтті

Қазылар алқасының қатарында өнер қайраткерлері, облыстық мәдениет басқармасының қызметкерлері және ҚР еңбек сіңірген әртістер бар.

Талдықорғанда I вокалды-хореографиялық байқау өтті

Қазылар алқасының шешімімен «Хореография» номинациясы бойынша Бас жүлдені Талдықорған қаласынан «Ачимноуль» халықтық би ансамблі иеленсе, «Вокал» номинациясы бойынша Бас жүлде Қаратал ауданынан Гүлжан Мырзагелдіге бұйырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға