Жаңалықтар

Талдықорған маңында пойыз бен көлік соқтығысып, 3 адам ауруханаға түсті

Таңертең пойыз бен ВАЗ-2109 көлігі соқтығысты
Талдықорған маңында пойыз бен көлік соқтығысып, 3 адам ауруханаға түсті
Фото: Polisia.kz 08.09.2022 22:34 901

Талдықорған қаласының маңында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«8 қыркүйек күні таңертең пойыз бен ВАЗ-2109 көлігі соқтығысты. Аталған факті Ескелді ауданында тіркелді. Анықталғандай, жеңіл көліктің 35 жастағы жүргізушісі локомотивтің таянып қалғанына қарамастан, теміржол өткелінен жылдам өтіп кетпек болған. Автокөлікті пойыз 15-20 метр жерге сүйреген. Көлік салонында болған үш адам түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді», - делінген полиция мәліметінде.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға