Жаңалықтар

Такси жүргізушілері мен курьерлер арнайы салық төлейді

Еңбек нарығы либеризацияланады
Такси жүргізушілері мен курьерлер арнайы салық төлейді
Фото: exk.kz 05.12.2022 16:23 1278

Елімізде такси жүргізушілері мен курьерлер ресми жұмыспен қамтылғандар қатарына жатқызылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Мәжілісте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

Еңбек нарығы либеризацияланады. Осы мақсатта тәуелсіз жұмыскер, яғни табыс әкелетін, еңбекпен айналысатын, бірақ тиісті уәкілетті органдарда "ресми мемлекеттік тіркеуі жоқ тұлға" ұғымы енгізілген болатын. Егер тәуелсіз жұмыскерлер өз қызметін онлайн платформаларға қосылу немесе жария шарт жасасу арқылы атқаратын болса, онда бұл жұмыскерлер ресми жұмыспен қамтылған болып есептеледі.

"Мәселен, "Яндекс Такси" платформасына қосылған такси жүргізушілері, "Яндекс GO" және "Glovo онлайн" платформасына қосылған курьерлер осы санаттағы жұмыскерлердің қатарына кіргізіледі",— деп түсіндірді министр.

Министрдің айтуынша, бұл жұмыскерлер үшін онлайн платформалар операторлары салық агенттері болып, арнаулы салық режимдеріне сәйкес жұмыскердің пайдасына салық төлемдері мен әлеуметтік жарналарды аударып отырады.

"Бұл жағдайда тәуелсіз жұмыскерлер жалдамалылар сияқты республикалық бюджеттен, мемлекеттік әлеуметтік қорлардан және сақтандыру компанияларынан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы", — деп толықтырды министр.

Ал тиісті аударымдар болмаған жағдайда оларға заңда белгіленген ең төменгі мемлекеттік кепілдіктер ғана беріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға