Жаңалықтар

Таиландтағы катер апатынан Қазақстанның 3 азаматы зардап шекті

Таиландтағы катер апатынан Қазақстанның 3 азаматы зардап шекті
Фото: instagram.com/bangkokpost_official 18.05.2023 14:15 550

Таиландтағы катер апатынан Қазақстанның 3 азаматы зардап шекті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Таиландтағы Қазақстан консулының ақпаратына сәйкес, катердегі жолаушылардың арасында Қазақстанның 4 азаматы болған. Олардың үшеуі медициналық көмекті қажет етті. Дәрігерлер қарағаннан кейін екі отандасымыз ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты, денсаулықтары мен өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ, - деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, барлық медициналық шығынды катерді жалға берген тай компаниясы өз мойнына алып отыр.

Біздің консул зардап шеккен азаматтармен және жергілікті билікпен тұрақты байланыста, - деді  ресми өкіл.

Бұған дейін Таиланд жағалауында қайық дабыл мұнарасына соғылып, 35 адам зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.




 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға