Жаңалықтар

Таиландта теңізден құтқарылған қазақстандық көз жұмды

Таиландта теңізден құтқарылған қазақстандық көз жұмды
Фото: el.kz 04.06.2023 23:12 946

Таиландтағы демалыс орындарының бірінде құтқарылған 24 жастағы қазақстандық Артур Ысқақов көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жерлесіміз сүйіктісін құтқарамын деп суға батып кете жаздаған болатын. Дегенмен оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Мұны оның әпкесі растады.

Енді Артур арамызда жоқ, - деп жазды ол.

Таиландтың Пхукет қаласында демалып жүрген қазақстандық туристер жағалауға шектеу белгісі қойылған аумақтан асып, биік толқындар алысқа алып кеткен. Оның комада жатқанын бұған дейін хабарлағанбыз.

Отандасымыз ескертуге және тыйым салуғ қарамастан теңізге түсіп, көп су жұтып қойған.

Соңғы күндері Пхукетте қатты толқындар көтеріліп, жағалауға қызыл жалаулар шығарылған болатын.

Қазақстандық туристің денесін судан шығарғаннан кейін құтқарушылар оған жасанды тыныс жасап, дәрігерлерге тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға